6 ақпан 2025 жылы Кызылжар ауданының әкімі Сақтаған Сәдуақасовтың Светлопольск ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында 2024 жылғы жұмыс нәтижелері қорытындыланып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттер айқындалды.
Тұрғындар сұрақтар қойып, оларға толық түсініктемелер берілді. Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өтті.