
Соколов ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде. Тұрақты түрде «Таза бейсенбі» акциялары мен сенбіліктер ұйымдастырылады. Өткізілетін іс-шаралар барысында қоғамдық орындар тазартылып, тиісті санитарлық жағдайға келтіріледі, балалар ойын алаңдарын сырлау, шөп шабу, ағаш көшеттерін отырғызу, ағаштарды әктеу, қоқыс жинау, сондай-ақ гүлзарларды орналастыру және күтіп-баптау жұмыстары жүргізіледі.