Ауылдық округ аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.
Орнатылған бейнебақылау жүйесі қоғамдық орындардағы жағдайды тұрақты бақылауға, құқық бұзушылықтар мен өзге де оқиғаларды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ туындаған жағдайлар мен төтенше оқиғаларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Бейнебақылау жүйесін пайдалану ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.