
Ұлы Отан соғысының Жеңіс Күнің мерекелеу қарсаңында Прибрежный ауылдық округінің әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов және ардагерлер Кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Тәнібаева бірлесіп, ауылдық округтің тыл еңбеккерлерін келе жатқан мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, сергектік пен амандық тіледі, сондай-ақ жалпы жеңіске деген адалдығы мен баға жетпес үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді. Жылы әрі ықыласты жағдайда өткен кездесулер барысында тыл еңбеккерлеріне бейбіт аспан мен ауыр сынақ жылдарындағы жанқиярлығы үшін терең құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде мерекелік құттықтаулар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, бұл жастар үшін әрқашан нағыз отансүйгіштіктің үлгісі болып қала бермек.