ХӘОТ аралау

ХӘОТ аралау

Өрттердің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жылыту маусымында Қызылжар ауданының ТЖБ қызметкері Прибрежный ауылдық округі әкімдігінің мамандарымен және учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп ХӘОТ санатындағы тұлғалардың аулаларын аралау жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындарына жылыту кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндіріліп, көмірқышқыл газының (улы газдың) датчиктері орнатылды.