БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ
2025 жылғы 16 мамырда Қызылжар аудандық «Amanat» партиясы филиалының ғимаратында «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ «Қызылжар ауданының Мансап орталығы» КММ бірге бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізді.
Жәрмеңкеге 54 кәсіпорын мен ұйымдардан 167 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге келесі ұйымдар қатысты: «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ, «Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Қызылжар аудандық пошта байланыс торабы» АҚ, «Дива» сән салоны.
Барлығы жәрмеңкеге жұмыс іздеуші ретінде 40 адамнан артық жұмыссыз қатысып, бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты ала білді. Жұмыс іздеушілерге ауданда бар бос жұмыс орны, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу, «Жастар практикасы», «Кәсіптік оқыту», «Қоғамдық жұмыстар», сондай-ақ, «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас» жобаларына қатысу ұсынылды.
Жәрмеңкеге келген жұмыс іздеушілер жұмыс берушімен жеке байланысып, ұсынылған бос жұмыс орны туралы толық ақпаратты ала білді.
.