Қуаныш пен күлкі күні

Қуаныш пен күлкі күні

 

Қуаныш пен күлкі күні

 

Балаларды қорғау күніне арналған айлық аясында 29 мамыр күні ерекше білім беруді қажет ететін  балаларға арналған GREEN PARK элиталық отбасылық парк-қонақ үйіне саяхат ұйымдастырылды. Табиғат аясындағы таза ауа мен жылы атмосфера балаларға нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Парк кіреберісінде балаларды Соник пен Бірмүйіз мультфильм кейіпкерлері қарсы алып, қызықты әрі мазмұнды бағдарлама ұйымдастырды. Көңілді ойындар, байқаулар мен билерге балалар ерекше ықыласпен қатысып, бір-бірімен араласып, әр сәттен қуаныш алды.

Балалардың ең сүйікті қызықтарының бірі — парк аумағында көңілді паровозбен серуендеу болды. Серуен барысында олар әсем табиғатты тамашалап, түрлі жануарлар мен құстарды көрді.

Балалар үшін дәмді балмұздақ та жағымды тосынсый болды. Бұл олардың көңіл-күйін одан әрі көтеріп, жүздеріне қуаныш сыйлады.

Ата-аналар үшін де бұл күн ерекше мәнге ие болды. Олар күнделікті тіршіліктен бір сәтке болса да тынығып, балаларының шат күлкісін көріп, қуанышқа бөленді.

Іс-шара дәмді түскі аспен, сыйлықтармен және осы тамаша күннен естелік ретінде ортақ суретке түсумен аяқталды.

мақала