Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
2025 жылғы 29 қазанда Қызылжар ауданының Мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Әлеуметтік қызметкерлер, жұмыспен қамту бөлімі мен Мансап орталығының мамандары адал да мінсіз еңбектері үшін Қызылжар ауданы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының мүшелері мен мерейтой иелерін Алғыс хаттармен «AMANAT» партиясы марапатталды.
Іс-шараға қатысушыларды Қызылжар ауданы әкімінің аппарат басшысы Ахынов Амангелді Бақытбекұлы құттықтады.