«Су - шытырман ел»
2025 жылғы 10 қазанда қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды қолдау айлығы аясында ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен 18 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Петропавл қаласындағы «Нептун» аквапаркіне барды.
Ойын-сауық кешенінде біздің кішкентай бүлдіршіндер суда серуендеп, су сырғанақтары сырғанап, үлкен балалар гидромассаж аппараттарымен бассейнде жүзіп қайтты. Сондай-ақ балалар ыстық ваннасы бар джакузиден ләззат алды.
Су процедураларынан кейін балалар фин саунасына, римдік саунаға, «Хамам» түрік саунасына барды.
Іс-шара аквапарк кафесінде дәмді түскі ас ішумен және осы күннен естелік суретке түсумен аяқталды.