Консультативтік-кеңесші органның отырысы
2025 жылғы 03 қазанда қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Отырыста бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері қаралып, жергілікті полиция қызметінің қызметі туралы, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған науқастарды уақытылы есепке алу бойынша медициналық мекемелердің ішкі істер органдарымен өзара іс-қимылы туралы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылғандарды уақытылы есепке алу, сондай-ақ, отбасын қолдау орталығынан жазасын өтеумен байланысты емес жұмыстар туралы, № 52 мекеме өкілінің ақпараты тыңдалды.
Сондай-ақ аталған санаттағы тұлғаларды жұмысқа орналастыру квотасын орындау, сондай-ақ тіркелген тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетуде барлық мүдделі органдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша ұсыныстар берілді.