Батыл адамдар
2025 жылғы 7 тамызда Бескөл ауылының Солтүстік Қазақсан мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ғимаратында, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау және өмір сүру сапасын жақсарту, халықтың осал топтарын қолдау мақсатында, сондай-ақ халықаралық тәжірибемен бөлісе отырып іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау, олардың өмір сүру сапасын жақсарту және инклюзивті ортаны қалыптастыру мәселелері бойынша әлеуметтік сала мамандары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдері арасында қамқор және белсенді қатысушылардың басын қосқан диалог пен тәжірибе алмасу болды.
Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс істеп жүрген М.Т. Нұбаевтың баяндамасы жиналғандардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қызылжар ауданында мүгедектігі бар адамдардың қоғамы мен Қазақ зағиптар қоғамы бірлесіп атқарып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қоғамдық ұйымдардың күш-жігерінің арқасында ауданның көптеген тұрғындары толыққанды өмір сүруге және әлеуметтік интеграцияға қажетті қолдауды алуда.