Қаржылық қауіпсіздік

Қаржылық қауіпсіздік
Қаржылық қауіпсіздік
 
Жаһандық сын-қатерлер мен жаңа қауіп-қатерлер жағдайында «Құқықтық тәртіп» қағидатын ұстану – уақыт талабы ғана емес, еліміздің экономикалық және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің берік іргетасы.
2025 жылғы 17 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ қызметкерлерімен қаржылық қауіпсіздік саласындағы заманауи тенденциялар, қаржы саласындағы тәуекелдер мен қауіптерге қарсы тұру жолдары туралы ақпараттандыруға бағытталған кездесу өтті.
Алаяқтық схемалармен күресудің заманауи әдістері мен тұрақты және қауіпсіз қоғам құрудағы әрбір азаматтың рөлі талқыланды. Халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру – қылмыстық әрекеттерден сақтану алаяқтардың схемалары, қаржыңызды басқару және қазіргі әлемдегі қаржылық қауіптерге қарсы тұру тиімді болуы үшін қажетті шаралар.