
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық физикалық, психологиялық, жыныстық, экономикалық және зорлық-зомбылықты қамтитын күрделі мәселе болып табылады. Қазақстанның заңнамасы осы құбылыспен күресуге, оның ішінде зорлық-зомбылықтың кейбір түрлерін қылмыстық жауапкершілікке тарту және жазаларды қатайту арқылы күресуге бағытталған.
Осыған орай, 2025 жылдың 16 шілдеде «Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы пллиция майоры Ә. Әубәкірова, полиция аға лейтенанты А.Құдайбергенова, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, заңдылықтарды келтіріп, осындай жағдайлар туындағанда, алғышарттар туындаған кездегі іс-әрекет алгоритімін келтірді. Тексерушілер көрнекі материал беріп, осы жағдайлардың жарқын мысалдарын келтірді. Іс-шараның нәтижелері бойынша әрекеттер алгоритмінің бастамашылары кері байланыс үшін өздерінің байланыс деректерін қалдырады. Жалпы, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде және әрбір адамның өз құқықтары мен көмек алу мүмкіндіктерін білуі маңызды.