Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ақпарат

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ақпарат

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ақпарат

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құру-бұл заңнамалық талап қана емес, сонымен қатар жұмысшылардың денсаулығын қорғаудың маңызды элементі. Жұмыс берушілер осы қызметті ұйымдастырған кезде өндірістің ерекшелігін, қызметкерлердің санын және тәуекел деңгейін ескеруі тиіс.

- 50-ден астам жұмыскері бар өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін (ЕҚжЕҚ) құруға міндетті.

- Егер жұмысшылар саны 50-ден аз болса, жұмыс беруші еңбекті қорғау жөніндегі маман лауазымын енгізе алады немесе бұл міндеттерді басқа қызметкерге жүктей алады.

 Қызметтің негізгі міндеттері

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мынадай функцияларды орындайды:

- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылайды.

- Өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың себептерін талдайды.

- Қызметкерлерді еңбекті қорғау ережелеріне оқытады.

- Еңбек жағдайларын жақсарту және тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлейді.

- Мемлекеттік қадағалау органдарымен, кәсіподақтармен және басқа да құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Қызметтің құқықтары мен міндеттері:

 - Жұмыс орындарына кедергісіз бару және тексеру.

 - Бұзушылықтарды жою бойынша міндетті нұсқамалар беру.

 - Жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу.

 - Міндеттері:

 - Жарақаттануға ай сайынғы талдау жүргізу.

 - Еңбекті қорғау бойынша оқытуды және білімді тексеруді ұйымдастыру.

 - Нормативтік талаптардың орындалуын бақылау.

Қызметтің болмағаны үшін жауапкершілік.

 - Егер жұмыс беруші қызметті құрмаса (немесе жауапты адамды тағайындамаса), ескерту жасалады немесе айыппұл салуға әкеп соғады (кәсіпорынның көлеміне байланысты).

- Бір жыл ішінде қайталап жасалған  бұзушылық айыппұлмен жазаланады:

 - Шағын бизнес үшін - 20 АЕК.

 - Орта бизнес үшін - 35 АЕК.

 - Ірі бизнес үшін -125 АЕК.

 Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары

- Қызмет басшысының тиісті салада жоғары білімі немесе жұмыс тәжірибесі болуы тиіс.

- Мамандар оқытудан және аттестаттаудан өтеді, сондай-ақ біліктілігін арттыра алады.

Жұмыс берушілерге арналған ұсыныстар

- Еңбекті қорғауды басқару жүйесін (ЕҚБЖ) әзірлеу.

- Тұрақты брифингтер өткізу және есепке алу журналдарын жүргізу.

- Эвакуация жоспарларының, ескерту белгілері мен қорғаныс құралдарының болуын қамтамасыз ету.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құру - бұл заңнамалық талап қана емес, сонымен қатар жұмысшылардың денсаулығын қорғаудың маңызды элементі. Жұмыс берушілер осы қызметті ұйымдастырған кезде өндірістің ерекшелігін, қызметкерлердің санын және тәуекел деңгейін ескеруі тиіс.

       Еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша Сіз Петропавл қаласы,Абай көшесі, 64 мекенжайы бойынша «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-ға жүгіне аласыз. Контактные телефоны 46-37-73,46-01-94,36-17-86. Департаменттің u.git@sko.gov.kz ресми интернет-ресурсы жұмыс істейді.

«ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ