Барлық бала сүйікті, барлық бала бірдей!

Барлық бала сүйікті, барлық бала бірдей!

Барлық бала сүйікті, барлық бала бірдей!

 

2025 жылдың 29 мамырда Республика көлемінде кеңінен аталып өтетін Дүниежүзілік балаларды қорғау күні қарсаңында “Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі”КММ үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің әлеуметтік жұмыс мамандары психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен бірлесе отырып, оңалту кабинетінде арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған  ерекше қызықты, көңілді

 бағдарламаны дайындап, өткізді.

Балаларды музыкалық бағдарламамен құттықтауға «Мерей» өнер мектебі және Анастасия Высоцкаяның жетекшілігімен Бескөл мектеп-колледжінің оқушылары келді. Әйгілі «Үш мысық» мультфильмінің ертегі кейіпкерлері – Коржик пен Карамелка да келді. Балалар мерекесінің бағдарламасы іс-шараларға толы болды, ойындарға, сайыстарға қатысып, ән айтып, би биледі.

Мереке сыйлықтар, балмұздақ және естелік суретке түсумен аяқталды.

«АМАНАТ» партиясы Қызылжар аудандық филиалының жауапты хатшысы Н.З.Телтаевқа, «Рогожкин» ЖК басшысы П.А.Рогожкинге, «Мерей» өнер мектебінің меңгерушісі Ә.С Сеңкібаеваға үнемі назар аударып, іс-шараларды өткізуге көмектескеніңіз үшін  шексіз алғысымызды білдіреміз.