«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ТӨМЕНГІ ЕМЕС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУ ҮШІН ІШКІ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» КММ «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ТӨМЕНГІ ЕМЕС ЛАУАЗЫМЫНА ОРНАЛАСУ ҮШІН ІШКІ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (10 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ басшысы. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-1. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 354069 теңгеден 406714 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Бөлім басшылықты жүзеге асырады. Бөлім жұмысының жоспарларын жетілдіреді, олардың орындалуын бақылайды.

Бөлімнің құзыретіне кіретін сұрақтары бойынша аудан әкімдігінің қаулыларын дайындау жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру.

Жерлерді тиімді пайдалануын бақылау және жер заңдылығын сақтау бойынша шиеленістерді шешу.

Жерлерді жаңашыл пайдалану бойынша бағдарламаларды қабылдауына тікелей қатысу және бақылау, топырақтың құнарлығын көтеру.

Жерлерді беру және алу бойынша дайындау жұмыстарын өткізу, оның ішінде жер учаскелерін сатып алу бойынша.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «инженерлік, өндеу және құрылыс салалары» (сәулет және құрылыс) немесе «ауыл шаруашылық және биоресурстар» (өсімдік шаруашылығы, жерге орналастыру), немесе «бизнес, басқару және құқық».

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  6. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;
  2. ұсыну күнге дейін отыз күнтізбелік күннен бұрын емес персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес топтамасын не болмаса дұрыс емес мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

«Б» корпусы тиісті бос орны немесе уақытша бос лауазымының лауазымдық өкілеттігін есепке ала отыра.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадрлар қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, және «Қызылжар аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Қосымша