22 наурызда Бескөл ауылының орталық алаңында "Наурыз-құтты мерекем"атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік киіз үйлер, жарқын әшекейлер мен ұлттық рәміздер Бескөл орталық алаңын безендірді. Бұл мерекеде дастархан ұлттық тағамдардың алуан түрлілігіне толы болды. Мереке қонақтарына наурыз көже мен палау, ыстық бауырсақтар, тәттілер, ыстық шай ұсынылды. Белсенді демалысты ұнататындар үшін ұлттық ойындар ұйымдастырылды: қазақша күрес, армреслинг, октау тарту, жілік жару сондай-ақ тағы басқада ойын түрлері жалғасын тапты . Жастар үшін алтыбақан,ал балалар үшін аттракцион, атқа міну ұйымдастырылды.
Мәдениет үйінің әртістері театрландырылған қойылым көрсетіп, әндер сыйлады. Қонақтар мен ауыл тұрғындары мерекені тамаша көңіл-күймен өткізді.