Негізгі функционалдық міндеттері:
Агроөндіріс кешенін дамыту бағдарламаларына сәйкес аймақтық қамтамасыз ету және мемлекеттік ресурстарға сатып алу үшін қажетті Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға бағытталған егіншіліктің бірыңғай технологиялық саясатын жүргізуді жүзеге асырады. Көктемгі себу, егістікті күту, сүрі жерлерді өңдеу, тыңайтқыш енгізу, жем дайындау, егін жинау қорытындылары бойынша ақпарат жинауды ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін әртараптандыруды ескере отырып, егіс алқаптарының құрылымын жинау және орындау. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарының барысы туралы жедел ақпаратты жинауды, өңдеуді жүзеге асырады, оны мақсаты бойынша ұсынады. Табиғи-климаттық жағдайларды және нарықтық конъюнктураны ескере отырып, астық өндірісінің құрылымын оңтайландыруды, астықты өндіру, сақтау және сату технологиясын жетілдіруді ұйымдастырады. Арамшөптерге, ауруларға, зиянкестерге қарсы химиялық жұмыстарды жүргізу мониторингін жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерін сипаттайтын күтілетін көрсеткіштер бойынша ай сайынғы есептерді жүргізу. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бойынша мониторингі.Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік ауыл аумағын дамыту бағдарламасын жүргізу және жоспарлау (ААБ).Өнеркәсіп салаларының кешенді даму болжамы, Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын құзыреттігі шегінде іске асыру.
Ауданның индустриалдық-инновациялық даму бойынша Үйлестіру кеңесінің отырыстарына, инвестицияларды тарту мәселелері бойынша кеңестерге материалдарды дайындау және құқықтық бағалау. Бекітілген инвестициялық жобаларды талдау және ілгерілету. Аудан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін ынталандыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі;
Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және «Қызылжар аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
______________________________________________________
___________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
___________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|
Туылған күні және жері/ |
|
Ұлты/Национальность (по желанию) |
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ |
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/ |
|
Шет тiлдерiн бiлуi/ |
|
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/ |
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||
Күні/Дата қабылданған/ приема |
Күні/Дата босатылған/ увольнения |
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение организации қабыл- данған/приемабосатылған/ увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кандидаттың қолы/ Подпись кандидата _______________ күні/дата_________ |
|
|