«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп күнін өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №53 бұйрығын орындау үшін бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдында «Бірыңғай есеп күнін» өткізу қажет.
"Бірыңғай есеп күні" ШОБ субъектілерінің қатысуымен жергілікті жерлерде (аудан әкімдіктерінде) отырысқа бейне конференция байланысы арқылы қосыла отырып, 2024 жылғы 30 қыркүйекте сағат 15:00-де Бескөл ауылы, Гагарин көшесі, 11, 3 қабат (үлкен зал) мекенжайы бойынша өтеді.