Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурсты ұйымдастырушы: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы.
электрондық пошта мекенжайы: msb38@sqo.gov.kz;
байланыс телефоны 8 (715) 2 36 13 62
Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: KEZEKTE.KZ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2025 жылғы «26» мамырдан бастап «09» маусымға дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады:https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-kasipker/documents/details/814655?lang=ru