«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны 8(71538)21346, факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі» КММ басшысының орынбасары. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-R-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 305232 теңгеден 350615 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Ауданның коммуналдық мемлекеттік мекемелері, кәсіпорындары бойынша тиісті бюджеттік комиссиямен анықталған жергілікті бюджет қаражатын шығындаудың басым бағыттарын есепке ала отырып, салалардың жүйелі көрсеткіштерін талдайды. Сессияларға, әкімдік отырыстарға түсіндірмелі жазба, баяндама, сөз сөйлеулерді даярлауға қатысады, ҚР Ұлттық Экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің, аудан әкімі аппаратының бақылаудағы құжаттарын уақытында орындау бойынша шаралар қабылдайды. Мемлекеттік ауданның мониторингін жүзеге асырады.Бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алу конкурстық комиссиясына қатысады, сондай-ақ бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік рәсімдерін жүргізеді.
Аудандық бюджеттің орындалу бойынша бюджеттік қаражаттың игерілуіне мониторинг жүргізуге бақылау жасайды. Басымдылық салалар жөнінде қаржыландыру жобалары мәселелері бойынша банктермен және қаржы ұйымдарымен өзара әрекеттестік жасайды. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету және аудан бюджетінің тапшылығын қаржыландыру бойынша іс-шараларды орындайды.
Аудандық бюджеттің орындалуы қорытындысы бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламаның (кіші бағдарламаның) нәтиже көрсеткіштердің жетістігін талдайды Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына жалпы қорытынды әзірлейді. Қаржыландыру жоспарын орындау бойынша ББӘ-нен ай сайынғы және тоқсандық есептерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Аудан бюджетін жоспарлау, орындау және коммуналдық мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепт жүргізу мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлерімен кеңес өткізеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын және атқарылған жұмыстар туралы есептер жасайды. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмалары бойынша материалдар дайындайды. Сәйкес қаржы жылына аудан бюджетінің жобасын, сонымен қатар алдағы үшжылдыққа аудан бюджетінің көрсеткіштер болжамын әзірлейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белігенген тәртіпте тиісті қаржы жылына аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру жергілікті атқарушы органның қаулысын дайындайды.
Аудан бюджетінің бекіту, нақтылау және орындалуы бойынша әкімдік отырысына, аудандық мәслихат сессиясына материалдар дайындайды.Аудан әкімдігі қаулысының жобаларына есептеулер, қорытындылар мен түсіндірме жазбаны даярлайды, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен даму бағдарламалары бойынша жоспарланған жылға жоғарғы лимиттерді жеткізеді.
Жергілікті бюджетке қаражат көздері кесіміндегі кірістер бойынша түсімдер көлемін болжайды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларының қорытындыларын талдау және қорыту бойынша облыстық басқармалармен, ауданның бөлімдері мен кәсіпорындарымен бірге жұмысты ұйымдастырады, оларды аудан әкімінің аппаратына және облыстық экономика басқармасына белгіленген мерзімде ұсынады, соның ішінде:
- ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
- аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын және оны іске асырудың іс-шаралар жоспарын (бес жылдық мерзімге);
- аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша жедел есебін (жылына екі рет).
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын мәслихатпен бекіту бойынша жұмысты – жыл сайын, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын – бес жылдық кезеңге ұйымдастырады.
Жиынтық және жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырадыТалдау әдісімен бюджет қаражатын игеру және жылдық сомаларының ай бойынша бөлінуіне, ББӘ қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізудің негізділігіне мониторинг жүргізеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарларын уақтылы, мақсатты және тиімді орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Жоғарғы тұрған бюджеттен келіп түскен нысаналы трансферттердің түсіміне және игерілуіне мониторинг жүргізеді.
Бюджеттің кіріс бөлігіне, аудандық бюджетке түскен кірістер түсімдерінің өсу немесе төмендеу себептеріне талдауды жүзеге асырады.
Аудан бюджетінің шығыс бөлігінің орындалуына мониторинг жүргізеді; аудан бюджетіне түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын құрастыру бойынша бақылауды жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларының орындалуы туралы айлық және тоқсандық есептерін қабылдайды.
Бюджеттен артық (қате) төленген түсімдерді қайтару, немесе әкімгерлік түсімдер коды бойынша қарызды өтеу есебі бойынша қорытындыларды құрастырады.
Аудандық бюджетті жоспарлау және атқару жиынтығын жүзеге асырады.
Бөлім басшысының нұсқауы бойынша басқа да өкілеттерді жүзеге асырады
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім, жоғару оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, кәсіби білім, техникалық білім: бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы, есеп және аудит), бизнес, басқару және құқық (банк және сақтандыру ісі) салаларында.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В[1]6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, D-R-3, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Белгіленген нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі;
Кандидаттар, оның жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің бар екенін растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Хабарлама конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон не болмаса электрондық пошта арқылы жүргізіледі.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, онда тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және «Қызылжар аудандық экономика және қаржы бөлімі» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадрлар қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының
2023 жылғы «__» ақпандағы
№__ бұйрығына 2-қосымша
Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені _________________________________________________________
____________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мекенжайы: ______________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________
Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_______________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
___________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
|
Туылған күні және жері/ |
|
Ұлты/Национальность (по желанию) |
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/ |
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/ |
|
Шет тiлдерiн бiлуi/ |
|
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/ |
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл- дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/ Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||
Күні/Дата қабылданған/ приема |
Күні/Дата босатылған/ увольнения |
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение организации қабыл- данған/приемабосатылған/ увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кандидаттың қолы/ Подпись кандидата _______________ күні/дата_________ |
|
|