Дүниежүзілік тазалық күні

Дүниежүзілік тазалық күні

«Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық экологиялық акциясы және қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау айлығы аясында ауылдық округіміздің аумағында абаттандыру және тазалықты сақтау мақсатында сенбілік өткізілді.

Іс-шара барысында округ ұйымдары өздеріне тиесілі аумақтарда сенбіліктер өткізіп, қураған өсімдіктер мен қоқыстарды жинау жұмыстарын жүргізді.

Бұл күні қолдауға мұқтаж адамдарға ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында тыл еңбеккерлері мен жалғыз тұратын зейнеткерге көмек көрсетілді: аулалары ретке келтіріліп, шөп шабылды, қоқыс пен қураған жапырақтар жиналды.

Мұндай іс-шаралар — туған ауылымыздың тазалығы мен абаттандырылуына қосылған үлес қана емес, сонымен қатар аға буынға деген құрметтің, ықылас пен қамқорлықтың көрінісі.