
2026 жылғы 03 ақпанда Новоникольск ауылдық округінің әкімі Қ. Ғ. Жұмағұлов Новоалександровка және Трудовое ауылдарының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар елді мекендерге қатысты өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, оларды абаттандыру бойынша алдағы жоспарларды айқындады.
Диалог барысында Конституциялық реформаға ерекше назар аударылды. Қ. Ғ. Жұмағұлов алдағы референдумның демократиялық үдерістердің дамуы жолындағы маңызды кезең болатынын атап өтті.