Бұл тамаша көктем мерекесінде аяулы аналарымыз бен қыз-келіншектерімізге арнап концерттік бағдарлама дайындалды. Сахнадан жүрекжарды құттықтаулар айтылып, әсем әндер шырқалып, жылы лебіздер білдірілді.
Құрмет пен алғыс белгісі ретінде барлық әйелдер қауымына әдемі қызғалдақ гүлдері табысталды. Мерекелік көңіл-күй, жарқын жүздер мен шаттыққа толы сәттер бұл күнді ерекше жылы әрі қуанышты етті.