

2025 жылғы 11 қазанда «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Налобино ауылдық округінің аумағында ағаш отырғызу шарасы өткізілді.
Іс-шараға «Талсай» шекара бөлімшесінің өкілдері, фельдшерлік-акушерлік пункт қызметкерлері, ардагерлер кеңесі, Налобино орта мектебі мен Налобино ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері белсене қатысты. Акция барысында қарағай көшеттері отырғызылып, туған өлкені көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлесін қосты. Экология мәселелеріне бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!