
2025 жылғы 29 тамызда Налобино ауылында "Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына" орайластырылған "Ауыл күніне" арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара аясында «Менің ауылым – менің байлығым» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, балаларға арналған аниматорлардың қатысуымен көңіл көтеру бағдарламасы және балмұздақпен тәтті дәм ұсынылды. Ауыл тұрғындарына арналған дастархан жайылып, палау, кәуап, шай секілді тағамдар ұсынылды. Ауыл тұрғындары мерекеге белсене қатысты. Іс-шара мерекелік және қуанышты атмосферада өтті. Әрбір қатысушы ел Тәуелсіздігі мен келісімінің нышаны – Конституцияға арналған маңызды оқиғаның бір бөлшегіне айналды.