9 МАМЫР - Ұлы Жеңіс күні

9 МАМЫР - Ұлы Жеңіс күні

9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Қызылжар аудандық мәдениет Үйінің ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында аудандық ”Мамыр жұлдыздары” әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Оған аудандағы мектептерден 14 оқушы қатысып әскери әндер шырқады. Жеңімпаздар және барлық қатысушылар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.                                                                                                                     9 мамыр Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мерекесінің кешкі қонақтары Қызылжар аудандық мәдениет Үйінің өнерпаздары дайындаған “Ретро -концертті” тамашалады.