Ұлттық кітап күні

Ұлттық кітап күні

 Адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана.                                     Ә. Кекілбаев                                                                                                                      2025 жылғы 23 сәуір - Ұлттық кітап күні. Қызылжар аудандық орталық кітапханасы осы мерекеге орай «Кітап - ұлтық қазына» атты ауқымды кітап мерекесін өткізді.                                                                                                  Іс шараның мақсаты кітап оқуға баулу, кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, қоғаммен жылы байланыс орнату, кітапханаға жаға оқырмандарды тарту. Оқырмандардың туған жерге деген мақтаныш сезімін ояту, жергілікті ақындардың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Іс – шара кітапхана төрінен орын алған «Кітап – ұлттық қазына», «Кітап – тарих, кітап - шежіре», «Жаңа кітаптар әлемі», «Туған жерге сүйіспеншілікпен» атты көрмелермен таныстырудан басталды. Келген қонақтар «Менің сүйікті кітабым» алаңында тақта бетіне сүйікті кітаптарының атауын жазды. Кітаппен селфи жасап фотоға түсті. «Кітап – білім шырағы» ақ тілектер альбомына кітап мерекесіне арналған лебіздерін қалдырды. Келген оқырман - қонақтармен кітапханашылар «Білімпаздар» сұрақ – жауап викторинасын өткізіп, дұрыс жауап бергендерге тәтті сыйлықтар таратты.                                    Мерекенің ажарын ашқан іс – шарларымыздың бірі – жаңа кітаптың тұсаукесері болды. Жаңа кітаптың авторы Зейнеп Тәнібаева «Ақ шағала, ақша таңдар» туындысын ұсынды. Кешімізге Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиева қатысып, оқырмандарды мерекемен құттықтады. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Таны, қара, оқы» онлайн конкурсына белсенді қатысқан Чапаев және Новокаменка кітапханаларын Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК директорының алғыс хатымен марапаттады.         Мәдениет Үйінің өнерпаздары және қазақ ардагерлер хоры ән –күйлерімен жиналған қауымның көңіл – күйлерін көтерді.
https://www.facebook.com/reel/1253014429851134