Бердибек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай

Бердибек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай

Қызылжар аудандық орталық кітапханасы Б.Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында "Балалар жазушысы – Бердібек Соқпақбаев" тақырыптық сағатын өткізді.                                  Мақсаты: Жазушының өмірбаяны, шығармашылығымен және «Менің атым Қожа» әңгімесімен таныстыру болды. Іс-шараға қатысқан оқырман қауымға Б.Соқпақбаевтың өмірбаяны, шығармашылығы туралы айтылып, «Менің атым Қожа» кітабы таныстырылып, фильмі көрсетілді. Оқырмандар кітапханашыны қызығушылықпен тыңдады. Оларға әсіресе бас кейіпкер бала Қожаның жарқын болашақ туралы армандары ұнады,  іс-шара соңында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттер тааныстырылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.