Аналар күні

Аналар күні

Ана – өмір шырағы

Ашық сұхбат

Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке. 2024 жылы бұл мереке Қазақстанда алғаш рет атап өтіледі және 12 мамырға тұспа-тұс келеді. Аналар күнін мерекелеу аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін танымал етуге ықпал етеді. Ананы қорғау – мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының басым міндеті.

Аналар күні қарсаңында Қызылжар аудандық орталық кітапханасында «Ана – өмір шырағы» атты ашық сұхбат өткізілді. Іс – шараға аудандық ішкі саясат бөлімі, аналар кеңесінің мүшелері, мәдениет Үйінің қызметкерлері, «Нұр» клубының мүшелері қатысты. Сұхбаттың мақсаты аналардың өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі, ана болудың өзекті мәселелері, ананы сыйлау құрметтеуге шақыру. Іс-шараның екінші бөлімі «Аналар- асыл жандар» караоке ән-шашуымен жалғасын тапты. «Ана –әлем, ана - өмір, ана - жыр» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, естелікке фотоға түсірілді.

https://www.facebook.com/100024409608896/videos/pcb.1742633119893658/7539230379491759

https://www.facebook.com/100024409608896/videos/pcb.1742633119893658/339965602094537