
Қызылжар аудандық орталық кітапханасында "Гендерлік теңдік- заман талабы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс - шараның мақсаты - гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен мәнін түсідіру, сондай - ақ осы саладағы жағдайды жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы қатысушыларды ақпараттандыру. Аталған іс - шараға әр түрлі қызмет салаларының өкілдері қатысты.