6 шілде Ұлттық домбыра күніне байланысты Бескөл ауылының тұрғындары орталық алаңда Мәдениет Үйінің өнерпаздары дайындаған «Ұлттық мұра-домбыра» атты концертті тамашалады. Мерей өнер мектебінің «Шашу» домбырашылар ансамблінің күмбірлеген күйлері, дәстүрлі әнші Еркебұлан Қарыповтың домбырамен әуелеткен әндері және басқа әншілердің эстрадалық әндері жиналған қауымға тамаша көңіл күй сыйлады.