4 маусым күні Бескөл ауылы Парасат лицей-мектебі жанындағы стадионда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Онда алдымен әскри қызметкерлердің қатысуымен мемлекеттік ту әкелініп, мемлекеттік әнұран шырқалды. Шара қатысушылары арасында “Мемлекеттік туды алып жүру” эстафетасы өтті. Мәдениет Үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынды.