1 маусым – Балаларды қорғау күні. Қызылжар ауданында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Аудандық Мәдениет үйі мен "Мерей" мектебінің ұжымы бүлдіршіндерге арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырып, шаттыққа толы күн сыйлады. 🎨 Балалар асфальтқа сурет салып, 🏐 волейбол ойнап, 🚴 веложарысқа қатысып, 🪀 ұлттық ойындар ойнап, 🎉 түрлі байқауларға белсенді қатысты. Түстен кейін Мәдениет үйінде балаларға арналған танымдық фильм көрсетіліп, мейрам соңына дейін көтеріңкі көңіл-күй сақталды.