"Қазақстан балалары" іс-шара

"Қазақстан балалары" іс-шара

"Қазақстан балалары" іс-шаралар циклі аясында "Салауатты балалық шақ -бақытты болашақ" атты тақырыптық күн өтті.                                                  Қызылжар орталық балалар кітапханасы адамның денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы түсінік беру, денсаулық – адамның ең құнды байлығы екенін ұғындыру мақсатында "Кітапханаға келіңіз, білім алыңыз" кітапхана ішінде серуен өткізді. Іс-шараның қонақтары "Парасат" мектеп–лицейінің 7 "Б" сынып оқушылары болды. Іс-шара бағдарламасы бай, пайдалы және қызықты болды. Балалар күн тәртібі, дұрыс тамақтану және жеке гигиена туралы білді. Балалармен "Денсаулық елі" викторинасы, "Көңілді адамдар" және "Денсаулыққа зиян мен пайда келтіретін әдеттер" ойындары өткізілді. Кітапханаға жасаған сапар балаларға ерекше әсер қалдырды.                                                                                                          Соңында, "Маңызды жайлы – адамдардың денсаулығы туралы!» кітап көрмесіне шолу жасалды.