«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ,  «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны  8(71538)21346,  факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі емес лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қаржы-шаруашылық қызметі бойынша сектор меңгерушісі. Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G-2. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564  теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері:

         Қаржы құжаттарында екінші қол қоюға құқығы бар. Қаржылық және шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, мекеме меншігінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Заңға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізуді ұйымдастырады және бақылайды. Бюджеттік өтінімдерді жоспарлауды, бюджеттің атқарылуын және қалыптастыруды ұйымдастырады және бақылайды. Бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша қазынашылық органдарымен, экономика және қаржы бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және жүргізеді. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстық комиссиясының хатшысы болып табылады. Порталда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын орналастырады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізеді. Шарттарды орындау бойынша мерзімдердің сақталуын, мемлекеттік сатып алу порталында актілерге қол қоюды, шартты және қосымша келісімді қазынашылықта тіркеуді бақылайды. Жеткізушілерден мемлекеттік сатып алу порталында жүкқұжаттар мен актілерді қабылдайды, құжаттардың дұрыс толтырылуын тексеру. Экономика бөліміне аппараттың мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді ай сайын ұсыну. Ақаулар актілерін жасайды. Конкурстық құжаттаманы, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді. Кәсіпкерлік субъектілерімен, жобалау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, сметалық есептеулер дайындайды, баға немесе коммерциялық ұсыныстарды сұратады. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесімен, «Қазынашылық Клиент» ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді. Мемлекеттік және орыс тілдерінде құжат айналымын жүргізеді. Сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да заңды және жеке тұлғалармен хат алмасуды жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімі аппаратын материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты. Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жергілікті қамтылуына бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады. Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша сот процестеріне қатысады, «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімінің өкімдерінің жобаларын дайындайды. ҚР елтаңбасы бейнеленген өкімдердің фирмалық бланкілерінің есебін жүргізеді, ауылдық округ әкімінің өкімдерін тіркеу тізілімін (журналын) жүргізеді. Бүлінген фирмалық бланкілерді есептен шығару және жою жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады. Кадр мәселелері бойынша персоналды басқару қызметімен өзара іс-қимыл жасайды. Кадрлар бойынша мәтіндік және статистикалық есептерді дайындау. Ауылдық округ әкімі аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағын әзірлеуге қатысады. Еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның тұрақты мүшесі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондайақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз етеді, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік органның басшысына оларды көтермелеу және уәждеу жөнінде ұсыныстар енгізеді. Ауылдық округтің перспективалық даму жоспарларын әзірлейді. Мекеменің әлеуметтік желілердегі есептік жазбаларын жүргізеді, сондай-ақ сайттарды ақпараттық материалдармен толтыру және жүргізу бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады. Функционалдық міндеттерге сәйкес жауаптарды дайындау және ұсыну. Ауылдық округ аумағында мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын орындауға жауапты: Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы; Жалпыұлттық басымдықтар; Қазақстан Республикасының ұлттық даму Жоспары, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы; елдің аумақтық даму Жоспары; саланы/аяны дамыту тұжырымдамасы, ұлттық жобалар; мемлекеттік органдарды дамыту жоспарлары, облысты дамыту жоспарлары. Сеніп тапсырылған мүліктің сақталуына дербес жауапты болады. Перспективалық даму жоспарларын, ауылдық округті абаттандыру жоспарларын әзірлеуді және оларды іске асыруды жүзеге асырады. Істер номенклатурасына сәйкес қызметтік құжаттаманы жүргізу. Мемлекеттік органның жер кодексін сақтау жөніндегі бақылау функцияларын жүзеге асырады; «Электр энергетикасы», «Сауда қызметін реттеу туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Жасыл желектерді ұстау және қорғау ережелері», «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелері», «Иттерді ұстау және серуендету ережелері», «Қаңғыбас иттерді аулау және жою ережелері», «Азаматтық хал актілерін жазу ережелері», «Абаттандыру ережелері».            

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит); бизнес, басқару және құқық (экономика (сала бойынша) және/немесе бухгалтерлік іс және салық салу және/немесе қаржы, банк және сақтандыру ісі) салаларында.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

          1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не, құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және «Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының

2023 жылғы «__» ақпандағы

№__ бұйрығына 2-қосымша

 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

Нысан

 

__________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені _________________________________________________________
____________________________________________________________________


бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

_______________________________________________________________

_______________________________________________________________

Мекенжайы: ______________________

Байланыс телефондары: ________________

e-mail: ______________________

ЖСН: ______________________

 

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

20 __ ж. «___»_______________

 

 

 

 

Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

 

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 

 

 

 _______________________________________

 (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

___________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

Туылған күні және жері/
Дата и место рождения

 

Ұлты/Национальность (по желанию)

 

Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками

 

Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

 

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жыл-

дан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік

әкімшілік қызметшілер толтырады)/

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,

если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қабылданған/ приема

Күні/Дата

босатылған/ увольнения

Күні/Дата қызметі, жұмыс

орны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождение

организации қабыл-

данған/приемабосатылған/

увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кандидаттың қолы/

Подпись кандидата

_______________

күні/дата_________