Хабарландыру

Хабарландыру

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны  8(71538)21346,  факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

             «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы  Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ перспективалық даму және мемлекеттік сатып алу бойынша бас маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты «Е-G-3», 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Барлық қаржылық құжаттарға екінші қол қоюға құқығы бар. Қаржылық және шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебін ұйымдастырады және материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, мекеме меншігінің сақталуын бақылауын жүзеге асырады. Заңға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің жүргізілуін ұйымдастырады және бақылайды. Бюджетті жоспарлайды, атқаруды және бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды ұйымдастырады және бақылайды. Бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері бойынша қазынашылық органдарымен, экономика және қаржы бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізеді. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстық комиссияларының хатшысы болып табылады. Ақаулар актілерін жасайды. Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарын, конкурстық құжаттаманы даярлайды. Жобалаушы ұйымдармен, кәсіпкерлік субъектілерімен өзара әрекеттестік қылады, сметалық есептерді дайындайды, коммерциялық немесе баға ұсыныстарын сұратады. Мемлекеттік сатып алуды өткізуге қажетті тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің мониторингін жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу веб-порталымен, электронды шот-фактуралар

ақпараттық жүйесімен, «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесімен, «Е-қызмет» персоналды басқару ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімі өкімдерінің жобаларын даярлайды. Ауылдық округ әкімінің өкімдерін тіркеуді жүргізеді. Кадрлық мәселелер бойынша персоналды басқару қызметімен өзара әрекеттеседі.

Мекеменің істер номенклатурасын, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптар жинағын даярлауға қатысады. Мемлекеттік және

орыс тілдерінде құжат айналымын жүргізеді. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, жеке және заңды тұлғалармен хат алмасады.

Мекеменің материалдық-техникалық қамтамасыз етуілуіне жауап береді. Мемлекеттік

сатып алу сұрақтары бойынша сот процесстеріне қатысады. Еңбек өтілін тағайындау бойынша комиссияның тұрақты мүшесі болып табылады. Ауылдық округтің болашақ даму жоспарын даярлайды. Мекеменің әлеуметтік желілердегі тіркеу жазбаларын жүргізеді. Функционалдық міндеттерге сай жауаптарды даярлап, береді. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін аз қамтылған азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын тексеру жөніндегі комиссияның мүшесі. Перспективалық даму жоспарларын, ауылдық округті абаттандыру жоспарларын әзірлеуді және оларды іске асыруды жүзеге асырады. Жер Кодексінің сақталуы бойынша мемлекеттік органның бақылау функцияларын жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Сауда қызметін реттеу

туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдары; «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және

қорғау Ережелері», «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Ережелері», «Иттерді күтіп-

бағу және серуендету Ережелері», «Қаңғыбас иттерді аулау және жою Ережелері», Азаматтық хал актілерін жазу Ережелері», «Абаттандыру Ережелері». Істер номенклатурасына сәйкес қызметтік құжаттаманы жүргізед.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық); бизнес, басқару және құқық (банк және сақтандыру ісі).

            Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не, құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.

Толтыруға арналған қосымша