2024 жылғы 12 ақпанда Березов ауылдық округінде Қызылжар ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы жалпыға бірдей декларациялау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Үшінші кезеңде жалпыға бірдей декларациялауға жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары кіреді.