«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ іс жүргізу және нотариалдық әрекеттер мәселелері бойынша бас маман «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы  Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ іс жүргізу және нотариалдық әрекеттер мәселелері бойынша бас маман «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды
                    

                                         

«Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ, 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл а., Гагарин көшесі, 11, анықтама телефоны  8(71538)21346,  факс 8(71538)21201, электрондық пошта kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz (20 МБ) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік төменгі лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

             «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы  Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ іс жүргізу және нотариалдық әрекеттер мәселелері бойынша бас маман. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты «Е-G-3», 1 бірлік. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейiн.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Ұйым қызметінде пайда болатын құжаттардың жіктеуіштерін әзірлейді және жетілдіреді. Ауылдық округ аппаратының қызметкерлерін шешімдермен, өкімдермен және басқа да құжаттармен таныстырады. Әкімдікке келіп түскен хат-хабарларды, азаматтардың

ұсыныстарын, арыздары мен өтініштерін есепке алуды, тіркеуді, оларды округ әкімінің және мамандардың қарауына беруді қамтамасыз етеді; азаматтар жиындарының хаттамаларын ресімдейді. Іс жүргізуді ұйымдастырады, келіп түскен құжаттарды бөледі және оларды орындауға береді, кіріс құжаттардың орындалуын бақылайды. Шығыс құжаттарды рәсімдейді. Ауылдық округ әкімі аппаратының істер номенклатурасын жасайды. Қолданыстағы номенклатураға сәйкес істерді қалыптастыру, материалдарды сақтау және мұрағатқа дайындау бойынша жұмыстарды жүргізеді, орындаушыларға істерді уақытша пайдалануға береді. Ауылдық округ мамандарына берілген құзырет шегінде нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Ауылдық округ әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады, қабылдау кезінде берілген тапсырмалардың орындалуына жауап береді. Округ әкімінің азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру. Сайлаушылар тізімін және учаскелік сайлау комиссияларының тізімін жасайды. Кадр мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді және аудан әкімі аппаратының персоналды басқару бойынша құрылымдық бөлімшесімен өзара іс- қимыл жасайды. Жеке істерді, еңбек кітапшаларын, еңбек шарттарын ресімдеу, "Е-қызмет"бағдарламасында жұмыс істеу. Қызметкерлердің демалыс кестесін жасау, олардың орындалуын бақылау. "ЭҚЖ" және "Е-otinish"ақпараттық жүйелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркейді және есепке алуды жүргізеді. "Е-лицензиялау"ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу, ережелер мен стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақтылы көрсетеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: білім (пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар (аударма жұмысы (түрлері бойынша)); бизнес, басқару және құқық (құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару); әлеуметтік ғылымдар және ақпарат (кітапханалық іс, ақпаратты өндеу және мұрағаттану); бизнес, басқару және құқық (банк және сақтандыру ісі, құқық, экономика (сала бойынша), бухгалтерлік іс және салық салу, қаржы); педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау); өнер және гуманитарлық ғылымдар(филология, аударма ісі); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және ақпарат).

         Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не, құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер одан «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, Қағидаларының 26- тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ www.sko.gov.kz,  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің және «Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Архангельск ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ интернет-ресурстарында құжаттар хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 150700, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылы Гагарин көшесі, 11, «Қызылжар ауданы әкімінің аппараты» КММ немесе kyzylzhar-akimat@sko.gov.kz электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде. Анықтамалар үшін телефон 8(71538)21346, факс 8(71538)21201.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның, персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасауға құқылы.