Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыс жандандырылды, оған ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын міндетті түрде әзірлеу кіреді. Бұл пайдаланылмай жатқан жерлерді айналымға тарту, жайылымдарға түсетін жүктеме нормаларын сақтау және өнімділікті қолдау, сондай-ақ топырақтың тозуын болдырмау үшін қажет.
Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі №119 бұйрығымен белгіленген (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200027790).
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларының 5-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000019893#z48) сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануды айқындау үшін ауыл шаруашылығы өндірушілерінде шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасы болуы қажет.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 153-бабының 2-тармағына сәйкес, көрсетілген жұмыс түрі мемлекеттік жер кадастрын жүргізумен технологиялық тұрғыдан байланысты жұмыстарға жатады. Осыған байланысты, жеке және заңды тұлғалармен қатар, аталған жұмыстарды Мемлекеттік корпорация да жүзеге асыруға құқылы.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру және ауыл шаруашылығы алқаптарын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы шаруашылықішілік жергеорналастыру жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды орындауға дайын екенін білдіреді, сондай-ақ осы бағыт бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне белсенді қатысуға ниетті.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамының Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша филиалы