📌 Елімізде «Қорқыт Ата» жаңа арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылды. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
⏩ Құжатқа сәйкес, АЭА Қызылорда облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақын 550 гектар аумақта орналасады.
🔷 Арнайы экономикалық аймақ аумағында заманауи өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестиция тарту, экономика саласында жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін мүмкіндіктер жасау жоспарлануда. АЭА-ның «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне жақындығы Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарында өнімді тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
АЭА аумағында салықтық және кедендік жеңілдіктер ұсына отырып, арнайы құқықтық режим әрекет ететін болады.
✔️ 2049 жылға қарай АЭА-ға салынатын инвестицияның жалпы көлемін 150 млрд теңгеге, шетелдік салымдарды – 80 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Тауарлар өндіру мен қызмет көрсету көлемі 500 млрд теңге деңгейінде болжануда. Қазақстандық қамту үлесі – 90%-ға дейін жетеді.
25 жыл ішінде АЭА кәсіпорындарында 3 366 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген, қатысушы компаниялардың саны 39-ға жеткізіледі.
🔘 Сондай-ақ мультимодальды әуе хабтарын құру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде және кеден заңнамасының талаптарына сәйкес, аталған қаулымен «Оңтүстік», «Астана – Технополис», «Сарыарқа», «Alatau» және «Ақтөбе» АЭА-ға порт аймақтары мәртебесі берілді.