Көрме 2023 жылғы 17-19 қазан аралығында Алматыда, "Атакент" КҚКО аумағында өтеді.
20 жылдан астам уақыт бойы Powerexpo Almaty Қазақстанның энергетикалық саласының басты оқиғасы болып табылады және жыл сайын саланың дамуына ықпал етеді.
Биыл Powerexpo Almaty көрмесіне Австрия, Армения, Беларусь, Германия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Словакия және Финляндиядан 100-ден астам компания қатысады. Неміс компаниялары өз жаңалықтарын Германияның ұлттық стендінде ұсынады, ал ұжымдық стендтер Орынбор облысы, Чуваш Республикасы және Мордовия Республикасы тарапынан әзірленуде.
Қатысушылар қатарында электр техникалық жабдықтарды, кабельдік өнімдерді, энергия үнемдеуді есепке алу және мониторинг аспаптарын өндірушілер мен жеткізушілер; өнеркәсіптік жарықтандыру, сондай-ақ инжинирингтік қызметтер мен жобалау бар.
Көрме аясында мамандардың біліктілігін арттыру үшін тегін оқыту семинарлары, сондай-ақ ең заманауи жабдықтардың тұсаукесерлері ұйымдастырылады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі; Алматы әкімдігі; "Самұрық - Энерго" АҚ; "KEGOC" АҚ электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы, Қазақстандық электр энергетикалық Қауымдастығы-ҚЭА Қазақстандық энергия аудиторлар қауымдастығы, "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" АҚ және Қазақстан Республикасының Инженер-энергетиктер одағы ресми қолдау көрсетеді.