
Вьетнам Қызылорда облысына күріштің алты түрін берді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Вьетнамдық Thai Binh Seed компаниясы топырақ пен климаттық аймақтың қасиеттерін ескере отырып, Қызылорда облысының аумағында өсіруге жарамды күріштің алты түрін берді", – делінген хабарламада.
Елдер Қазақстан мен Вьетнамның ғылыми-зерттеу институттарын күріш пен жүгеріні өсіру, Қазақстанның климаттық аймағы жағдайында осы дақылдардың инновациялық сорттарын тәжірибелік өсіру мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатқысы келеді.
Ханойға сапары аясында қазақстандық делегация ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы, сондай-ақ тауарлардың экспорты/импорты кезінде ветеринариялық және фитосанитариялық талаптармен және өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін бақылау жүйелерімен алмасу туралы келісімге қол қою туралы уағдаласты.