Қызылордалық инватакси қызметі жылына 90 мыңнан астам тапсырыс қабылдайды

Қызылордалық инватакси қызметі жылына 90 мыңнан астам тапсырыс қабылдайды

Қызылорда облысы бойынша инватакси қызметін 34 автокөлік жүзеге асырады (аудандарда - 18, Байқоңыр қаласында - 3, Қызылорда қаласында – 13). Оның ішінде, 14 автокөлік кресло-арбаның көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген.

Инватакси қызметі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 01.11.2013 жылғы № 859 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын басшылыққа алынып, көрсетілуде.

Облыс бойынша инватакси қызметін 1 мыңнан аса қолданушы жылына  90 мыңнан астам тапсырыс береді.