Қызылордада велоспорттан республикалық жарыс өтеді

Қызылордада велоспорттан республикалық жарыс өтеді

Қызылорда облысында велоспорттан Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері М.Сатыбалдиевтің жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасында тас жолдағы велосипед спортынан, республикалық жарыстың ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараны облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Спорт ардагері Ким Юрий Федерович өз құттықтау сөзінде аталмыш жарыстың жыл сайын дәстүрлі түрде Сыр елінде өтуінің маңыздылығын атап өтсе, велоспорттан Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Марат Сатыбалдиев өз кезегінде ұйымдастырушылар мен барша қатысушыларға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, ҚР төрешілер алқасы төрағасының велосипед спорты жөніндегі орынбасары Сергей Бредихин барша қонақтар мен қатысушыларға өтетін жарыс бағдарламасын баяндап берді.

Жарысқа Астана, Шымкент қалалары мен Алматы Жамбыл Жетісу Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан және тұңғыш рет көршілес Өзбекстан Республикасынан 12 команда бақ сынасады. Тартысты дода 31 наурыз күні аяқталып, мықтылар анықталатын болады.