Қызылордалық спортшылар - дзюдодан халықаралық турнирдің жүлдегерлері

Қызылордалық спортшылар - дзюдодан халықаралық турнирдің жүлдегерлері

Грузия астанасы-Тбилисиде дзюдодан "Grand Slam" сериясының халықаралық турнирі өтуде. Қызылордалық спортшылар екі медаль жеңіп алды.

81 келі салмақ дәрежесінде күміс медальді Абылайхан Жұбаназар жеңіп алды. Ол финалда австриялық дзюдошы Рашид Борчашвилимен кездесіп, екінші орынды жеңіп алды.

60 келі салмақтағы жарыстың қола жүлдегері Мағжан Шамшадин болды. Үшінші орын үшін күресте Шамшадин қазақстандық спортшы Қанат Сейлхановпен кездесіп, жеңіске жетті.