Қызылордалық спортшылар Әлем чемпионатына жолдама алды

Қызылордалық спортшылар Әлем чемпионатына жолдама алды

16-18 наурыз аралығында Ақтау қаласында белбеу күресінен 2006-2008 ж.т жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.

Чемпионатта жалпы командалық есеп бойынша Қызылорда облысы қыздар арасында да, ұлдар арасында да 1-орын иеленді.

Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Фараби Қытайбек, Мырзабек Мұстафаев, Бейбарыс Сұлтан, Нұрбіби Ұлықбекова және Жібек Жайсанбай көтерілді. Күмісті медальді Нұрымқожа Алдаберген, Ердәулет Абдумуталипов, Альбина Смайл, Аружан Алмағанбетова, Дильназ Жаңабыл, Бейбіт Қанат жеңіп алды. Мирас Жұмақожа, Қалқожа Тұрғынбаев, Мейіржан Тұрмахан, Батырхан Қошқар және Талшын Қыдырбаева чемпионаттың қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, жарыстың 1-2 орын иегерлері қыркүйек айында Ресейде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алады