Төл мерекеде прокуратура қызметкерлері құрметке кенелді

Төл мерекеде прокуратура қызметкерлері құрметке кенелді

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Нұрлан Бижанов прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде сала ардагерлері мен қызметкерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

Басқосуға құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалау және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде прокурорлардың еңбегі ерекше екенін тілге тиек етті.

«Қоғамға қызмет - уақыт шектеуіне бағынбайды. Бүгінде прокуратурадағы әрбір қызметкер Мемлекет басшысы айқындап берген маңызды міндеттерді мінсіз атқарып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Салада қызмет атқаратын әрбір азамат абыройлы міндеттің салмағын санамен, ауырлығымен армен, өлшемін өремен сезіне біліп, қоғамға қалтқысыз қызмет етуде,- деді Н.Нәлібаев.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс прокуроры Н.Бижанов прокуратура органдарының атқарған жұмыстарын баяндады және биыл жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының маңыздылығы мен ерекшелектерін атап өтті. Келер жылдан бастап прокуратура органдарының құзыреттері кеңейіп жаңа жүйеде жұмыс істеуді бастайды.

Мерекелік басқосуда сала үздіктеріне төсбелгі тағылып, арнайы Алғыс хаттар ұсынылды.