SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022 жаңа маусымын бастайды

SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2022 жаңа маусымын бастайды

Егер сен өзіңнің инновациялық идеяңды жүзеге асырып, ІТ саласына қадам басқың келсе, БІЗ СЕНІ ХАКАТОНДА КҮТЕМІЗ!

Хакатон 3 бағыт бойынша жобаларды қабылдайды:

  1. «Әзірлеу» (Development) бағыты – сайт, мобильді қосымша, бот және ойындар әзірлеу бағытындағы жобалардың сайысы.
  2. «Моделдеу» бағыты – 3D моделдеу, робототехника, жасанды интеллект, ақылды заттар және BIM технологиялар аясындағы жобалар
  3. «Медиа және білім беру» бағыты – LMS, онлайн оқыту, анимация мен кинематограф тақырыптарындағы жобалар байқауы.

Хакатонның жүлде қоры: 450 000 теңге + үздік оқушыларға 3 оқу гранты

Өту уақыты: 23 қазан 2022, сағат 10:00

Өту орны: Қорқыт Ата университетінің Студенттер сарайы, Жақаев 63

Толық ақпарат және тіркелу: www.smarthack.kz сайтында.