Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысы аумағында жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3420,3 км құрайды. Оның 1016 км республикалық, 555,6 км облыстық, 1848,7 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

2022 жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, ұзындығы 360 км құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және көшелер жөндеуден өткізілуде.

Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша барлығы 244 км жол жөнделу жоспарланып, бүгінгі күні 147 км жол салынды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласындағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі 4 км құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында Арал қаласының 10 көшесі, Қазалы қаласының 10 көшесі қайта жаңғыртылуда.

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 14 жобаға қаражат бөлінді. Оның ішінде Арал ауданы, Жалағаш ауданы, Сырдария ауданы, Шиелі ауданында жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық индикаторлық көрсеткішінің үлесін жыл соңына дейін 82%-ға жеткізу жоспарланған.